Кукушкин Португалиядағы жарыстың екінші кезеңіне шықты

Кукушкин Португалиядағы жарыстың екінші кезеңіне шықты

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Португалияның Оэйраш қаласында өтіп жатқан Challenger турнирінің екінші кезеңіне өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымдағы кездесуінде Кукушкин португалиялық теннисші Гастао Элиасты 6-2, 6-3 есебімен жеңді.

Матч 1 сағат 22 минутқа созылды.

Ойыншылар бұрын-соңды кездеспеген.

Келесі айналымда Кукушкин эстониялық Марк Лаялмен кездеседі.

Оэйраш турнирінің жалпы жүлде қоры 160 680 еуроны құрайды. Жеңімпаз 23 750 еуро және 100 рейтингтік ұпай алады.


Кирилл Герасименко Омандағы турнирде бақ сынайды

Елена Рыбакина Australian Open турнирін сәтті бастады

Қазақстандық спортшылар WTT Contender Muscat турниріне қатысады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или