Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы оның ағзасында тыйым салынған заттың барын растады

Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы оның ағзасында тыйым салынған заттың барын растады

Қазақстанның кәсіби бокс федерациясының президенті Рақымжан Ерденбеков IBF/WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы оның ағзасында тыйым салынған заттың бар екенін растағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жуырда Америкадағы VADA ұйымынан 34 беттен тұратын қорытынды сараптама келді. B сынамасынан Жәнібек Әлімханұлының ағзасында допинг бар екенін растады. Қазіргі таңда Жәнібекке қатысты заңды құқыққа біздің федерация өз қолына алды. Себебі ол федерациямыздың лицензияланған боксшысы. Сонымен қатар, оның қатысуымен өткен соңғы бокс кеші Астанада, біздің санкциямызбен өткізілді. Қазір басты мәселе — ол бұл затты саналы түрде қабылдады ма, әлде ол ағзаға қалай түсті? Осы сұрақ ашық тұр», — деп Рақымжан Ерденбеков.

Сонымен қатар, президент Жәнібек Әлімханұлының допинг ісі бойынша тыңдаулар өтіп жатқан уақытта жекпе-жектерге қатысудан уақытша шеттетілгенін мәлімдеді. 

«Қайта қарау қорытындысы бойынша барлық материалдар тиісті ұйымдарға, соның ішінде WBO, IBF және басқа да тараптарға жолданады. Олар Жәнібек Әлімханұлын чемпиондық атақтарынан айыру немесе айырмау туралы шешім қабылдайды. Ал әзірге, тыңдаулар аяқталғанға дейін, Жәнібек жекпе-жектерге қатысудан шеттетілді», — деді Рахымжан Ерденбеков.

Желтоқсан айында Әлімханұлының допинг-сынамасынан тыйым салынған мельдоний анықталып, соның салдарынан оның кубалық Эрисланди Лараға қарсы үш әлем чемпиондық белбеуін біріктіретін жекпе-жегі өтпей қалды.

Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы ашылды

Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

«Бас бапкер де жеке шәкірт болмауы тиіс»: экс бас бапкер ережені жоққа шығарды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или