Дастан Сәтпаевтың қашан оралатыны белгілі болды
Алматылық «Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин қазақстандық жас талант Дастан Сәтпаевтың командаға қашан оралатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қазіргі сәтте Дастан Сәтпаев жарақатынан айығып жатыр. Оны қатарымызға тез қосуға да болар еді. Алайда оның толық қалпына келгенін қалаймыз. Бұйырса, ол 3 ақпан күні Түркияда басталатын оқу-жаттығу жиынына барады деген сенімдеміз. Қазақстан Суперкубогы мен Қазақстан чемпионатына толық дайын болады», - деді Рафаэль Уразбахтин.
Осылайша, Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасы аясында өтетін «Брюгге» мен «Арсеналға» қарсы матчтарға қатыспайды.
Айта кетейік, бүгін, 20 қаңтарда, Алматының «Қайраты» мен Бельгияның «Брюгге» командалары УЕФА Чемпиондар Лигасы жалпы кезеңінің 7-турында кездеседі. Матчтың тікелей трансляциясы Қазақстан уақыты бойынша сағат кешкі 20:30-да басталады және оны «Qazaqstan» телеарнасынан көруге болады.
Чемпиондар лигасы: «Кайрат» — «Брюгге» матчының тікелей трансляциясы
«Қайрат» бапкері әлемдік жұлдыздар туралы пікір білдірді
Қазақстан құрамасының FIFA Series турниріндегі қарсыластары белгілі болды