Рафаэль Уразбахтин Қазақстанға келуі мүмкін әлемдік жұлдыздар туралы пікір білдірді
«Қайрат» клубының бас бапкері «Ақтөбеге» ауысуы мүмкін португалиялық футболшы Наниге байланысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Иә, кеше Нанидың Қазақстан чемпионатына келуі мүмкін деген ақпарат отандық жанкүйерлерді әбігерге түсірді. Алайда алматылық команда әлемдік жұлдыздарды алмайды. Біздің клуб осындай кезеңнен 10 жыл бұрын өтіп қойған. Дәл қазір біздің мақсатымыз басқа. Енді осындай қадамның арты не болатынын көре жатармыз», - деді Рафаэль Уразбахтин.
Айта кетейік, бүгін, 20 қаңтарда, Алматының «Қайраты» мен Бельгияның «Брюгге» командалары УЕФА Чемпиондар Лигасы жалпы кезеңінің 7-турында кездеседі. Матчтың тікелей трансляциясы Қазақстан уақыты бойынша сағат кешкі 20:30-да басталады және оны «Qazaqstan» телеарнасынан көруге болады.
Чемпиондар лигасы: «Кайрат» — «Брюгге» матчының тікелей трансляциясы
Қазақстан құрамасының FIFA Series турниріндегі қарсыластары белгілі болды