Қысқы Олимпиадаға Қазақстан құрамасының сапында 36 спортшы қатысады

Қысқы Олимпиадаға Қазақстан құрамасының сапында 36 спортшы қатысады

2026 жылғы 6-22 ақпан аралығында Италияда өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасының сапында 36 спортшы қатысады. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады, деп жазады Prosports.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазір Қазақстан еншісінде келесі спорт түрлерінен лицензия бар:

  • Фристайл-могул - 4 спортшы
  • Фристайл-акробатика - Дінмұхаммед Райымқұл, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов, Асан Асылхан, Аяна Жолдас.
  • Биатлон - 2 ер, 2 әйел спортшы (баратын спортшылар есімі Ұлттық құрама бапкерлер кеңесінен кейін анықталады)
  • Тау шаңғысы спорты - Ростислав Хохлов, Александра Скороходова.
  • Шаңғы қоссайысы - 1 спортшы.
  • Шаңғы жарысы - 7 спортшы
  • Шаңғымен тұғырдан секіру - 2 спортшы
  • Конькимен жүгіруден 5 спортшы - Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова, Арина Ильященко.
  • Шорт-тректен 4 спортшы - Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан.
  • Мәнерлеп сырғанаудан - Михаил Шайдоров, Софья Самоделкина.


Айта кетейік, бұл тек 2025-2026 жылғы маусымдағы лицензиялық кезеңдер нәтижесіндегі көрсеткіш. Алдағы уақытта Халықаралық Олимпиада комитетінің есебінен қосымша жолдамалар берілуі мүмкін.

Олимпиада лицензиясына қатысты қорытынды ақпарат қаңтардың аяғында белгілі болады.

XXV қысқы олимпия ойындары Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Оған әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады.

Қазақстан құрамасы Милан-2026 Олимпиадасына тағы 17 жолдама иеленгенін жазған болатынбыз.

Қысқы Олимпиада: Қазақстан қоржынында 27 лицензия бар

Қазақстандық биатлоншы Әлем кубогы кезеңінде рейтингтік ұпай жинады

Қазақстандықтар жарыстарды Qazaqstan және Qazsport арналарынан көре алады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или