«Барселона» шабуылшысы жарақатқа байланысты қатардан шығып қалды

«Барселона» шабуылшысы жарақатқа байланысты қатардан шығып қалды

Испания ұлттық құрамасы мен «Барселона» ойыншысы Ферран Торрес қатардан шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барселона» шабуылшысы оң аяғының бұлшық етін жарақаттап алыпты. Осыған байланысты шамамен он күн ойнамайды.

Сондай-ақ, жас жұлдыз Ламин Ямаль сары қағаздарының көптігіне байланысты Чемпиондар лигасы аясында өтетін «Славияға» қарсы матчқа қатыспайды.

Ал жақында ғана жарақаттан оралған неміс қақпашысы Марк-Андре тер Стеген медициналық тексерістен өту үшін «Жиронаға» аттанады. Белгілі инсайдер Фабрицио Романоның айтуынша каталониялық клубтың қақпашысы аталған клубқа жалға беріледі.

Африка кубогының жеңімпазы белгілі болды

«Арсенал» талантты вингерді өз сапына қосуы мүмкін

Ұятты жеңіліс: өзбекстандық футболшылар Еуропада масқара болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или