«Елімай» қатарына албаниялық футболшы қосылды

«Елімай» қатарына албаниялық футболшы қосылды

Семейлік «Елімай» футбол клубы албаниялық сол қанат қорғаушысы Эдисон Ндрекамен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.  

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады:

«Елімай» футбол клубы Албаниялық сол жақ қорғаушы Эдисон Ндрекамен келісімшартқа отырды.

Бойы 186 см құрайтын бойшаң ойыншы кәсіби футболдағы мансабын 2013 жылы «Лячи» ұжымында бастады. «Кукеси» және «Кастриоти» сынды ұжымдармен Албания біріншілігінде 200-ге жуық матч өткізген. Соңғы жылдары «Эгнатия» клубының негізгі құрамында ойнап Еуро додаларда бақ сынады. Аталмыш клубпен 2024-2025 жылғы Албания чемпионатының алтын тұғырынан табыла білді.

Қазіргі сәтте Ррогожиналық әріптестері турнирлік кесте де бірінші орынды ешкімге бермей келеді. Елімай құрамын одан әрі нығайта түсетініңе сенеміз», – делінген семейлік клубтың хабарламасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или