Футзалдан Қазақстан U-19 құрамасына аға бапкер тағайындалды
Қазақстандық маман Василий Смолин 19 жасқа дейінгі футзалдан Қазақстан құрамасының аға бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
35 жастағы бапкер отандық футзалда мол тәжірибеге ие. Еңбек жолының негізгі бөлігі «Аят» клубымен тығыз байланысты. Смолиннің жетекшілігімен рудныйлық команда футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасына шығып, Қазақстан чемпионатында күміс және қола жүлделерді жеңіп алған.
Сонымен қатар, ол ұзақ жылдар бойы «Аяттың» балалар мен жасөспірімдер командаларымен жүйелі түрде жұмыс істеп, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Оның шәкірттері U-15, U-17 және U-19 жас санаттарында ел чемпионы атанды. 2017 жылы U-19 командасы бірінші орын алса, 2018 жылы U-12 құрамасы ел чемпионы болды. Ал 2019 және 2020 жылдары U-13 пен U-14 жас санаттары күміс жүлдеге қол жеткізіп, 2022 жылы осы нәтижені U-15 командасы қайталады.
Айта кетейік, 2025 жылы Василий Смолин футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабында да қызмет атқарған.
Какау Қазақстан құрамасын бұрынғы деңгейіне жеткізуге ниетті
Сүлейменов Какаудың көмекшісі болып тағайындалды
Какау Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды