Дереккөз: «Қайрат» тағы үш легионермен толығады
Алматылық «Қайрат» клубы жаңа маусымға дайындық алдындағы трансферлік жоспары белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Ел чемпионы «Қайрат» трансферлік нарықта белсенді жұмысын жалғастыруда. Алматы клубы бірнеше шетелдік футболшылармен келіссөз жүргізіп жатыр және менің мәліметім бойынша, жаңа ҚПЛ маусымы басталғанға дейін құрамды тағы үш легионермен нығайтуды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар команданы кадрлық жоғалтулар да күтіп тұр. Кейбір ойыншылар «Арсеналмен» өтетін матчтан кейін клубпен қоштасады», — деп жазды AmanVIBE арнасы.
Еске салайық, бүгін «Қайрат» Астанада Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің жетінші турында бельгиялық «Брюгге» командасымен кездеседі. Турнирдегі соңғы матч Лондонда «Арсеналға» қарсы 28 қаңтарда өтеді.
Чемпиондар лигасы: «Кайрат» — «Брюгге» матчының тікелей трансляциясы
«Қайратқа» қарсы ойында «Брюггені» қанша жанкүйер қолдайтыны белгілі болды
«Ақтөбе» чехиялық командамен жолдастық кездесу өткізді