Қазақстандық спортшылар WTT Youth Contender турнирінде үш медаль жеңді
Бахрейннің Манама қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған жарыста Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды.
U11 жас санатында қыздар арасындағы жекелей сында Адель Вебер күміс жүлдеге ие болды.
Ал U19 жас санатындағы аралас жұптық сайыста қазақстандық спортшылар Қадырғали Қабдылуахитов пен Нұрислам Қасым қола жүлде алды.
Қабдылуахитов жарыста У Ин Сюаньмен (Қытайлық Тайбэй) бірге өнер көрсетсе, Қасым Пэе Ю-Ханмен (Қытайлық Тайбэй) бірге ойнады.
Кирилл Герасименко Омандағы турнирде бақ сынайды
Елена Рыбакина Australian Open турнирін сәтті бастады
Қазақстандық спортшылар WTT Contender Muscat турниріне қатысады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или