Чемпиондар лигасы: «Кайрат» — «Брюгге» матчының тікелей трансляциясы

Чемпиондар лигасы: «Кайрат» — «Брюгге» матчының тікелей трансляциясы

Бүгін, 20 қаңтарда, Алматының «Қайраты» мен Бельгияның «Брюгге» командалары УЕФА Чемпиондар Лигасы жалпы кезеңінің 7-турында кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қайрат» пен «Брюгге» арасындағы матчтың тікелей трансляциясы Қазақстан уақыты бойынша сағат кешкі 20:30-да басталады және оны «Qazaqstan» телеарнасынан көруге болады.

Алты турдан кейін «Қайрат» Чемпиондар Лигасының жалпы турнирлік кестесінде бір ұпаймен, 36-орында тұр. Чемпиондар Лигасының алдыңғы ойынында «Қайрат» өз алаңында грекиялық «Олимпиакоспен» кездесіп 0:1 есебімен жеңілген болатын.

Бельгиялық клуб Чемпиондар Лигасының жалпы турнирлік кестесінде төрт ұпаймен 31-орында тұр. Чемпиондар Лигасының алтыншы турында «Брюгге» өз алаңында турнирдің жалғыз көшбасшысы Лондонның «Арсеналынан» (0:3) жеңіліс тапты.

«Қайратқа» қарсы ойында «Брюггені» қанша жанкүйер қолдайтыны белгілі болды

«Ақтөбе» чехиялық командамен жолдастық кездесу өткізді

Ислам Чесноков «Хартстағы» алғашқы матчын өткізді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или