Чемпиондар лигасы: «Кайрат» — «Брюгге» матчының тікелей трансляциясы
Бүгін, 20 қаңтарда, Алматының «Қайраты» мен Бельгияның «Брюгге» командалары УЕФА Чемпиондар Лигасы жалпы кезеңінің 7-турында кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қайрат» пен «Брюгге» арасындағы матчтың тікелей трансляциясы Қазақстан уақыты бойынша сағат кешкі 20:30-да басталады және оны «Qazaqstan» телеарнасынан көруге болады.
Алты турдан кейін «Қайрат» Чемпиондар Лигасының жалпы турнирлік кестесінде бір ұпаймен, 36-орында тұр. Чемпиондар Лигасының алдыңғы ойынында «Қайрат» өз алаңында грекиялық «Олимпиакоспен» кездесіп 0:1 есебімен жеңілген болатын.
Бельгиялық клуб Чемпиондар Лигасының жалпы турнирлік кестесінде төрт ұпаймен 31-орында тұр. Чемпиондар Лигасының алтыншы турында «Брюгге» өз алаңында турнирдің жалғыз көшбасшысы Лондонның «Арсеналынан» (0:3) жеңіліс тапты.
«Қайратқа» қарсы ойында «Брюггені» қанша жанкүйер қолдайтыны белгілі болды