«Қайсар» өзбекстандық командамен жолдастық матч өткізді
Қызылорданың «Қайсар» командасы оқу-жаттығу жиыны аясында Самарқандтың «Динамосымен» жолдастық кездесу өткізді6 деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық команданың негізгі құрамында Ковач, Тәжібай, Кеңесбек, Ыдырысов, Жұмабеков, Совет, Көңлімқос, Қалдыбеков, Цуцкич, Джонс және Ағзамбаев шықты.
Өзбек клубы 3-1 есебімен ұтты. «Қасқырлардың» жалғыз голын Нұрдәулет Ағзамбаев соқты.
«Қайсар» БАӘ-де екінші оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Ертең клуб Қызылордаға оралады. Алғашқы жолдастық кездесуінде Қызылорда командасы Дубайдың «Әл-Иттихад» командасынан 2-1 есебімен жеңілді.
ҚПЛ-дың өткен маусымында «Қайсар» 22 ұпай жинап, турнир кестесінде 11-ші орын алды. 2025 жылдың күзінде клубты бизнесмен Исламғали Қозбаков сатып алды.
«Ақтөбе» кезекті топ-трансфер дайындап жатыр