Кукушкин Португалиядағы турнирден шығып қалды

Кукушкин Португалиядағы турнирден шығып қалды

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Португалияның Оэйраш қаласында өтіп жатқан Challenger турнирінің негізгі кезеңіне іріктеуден өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шешуші іріктеу матчында 38 жастағы спортшы америкалық Стефан Козловтан 4-6, 2-6 есебімен жеңіліп қалды.

Матч 1 сағат 40 минутқа созылды.

Айта кету керек, Кукушкин мен Козлов бұл матчқа дейін кортта ешқашан кездеспеген.

Оэйраш турнирінің жалпы жүлде қоры 160 680 еуроны құрайды. Жеңімпаз 23 750 еуро және 100 рейтингтік ұпай алады.


Қазақстандық спортшылар WTT Contender Muscat турниріне қатысады

Қазақстандық теннисшілердің WTA рейтингіндегі орындары белгілі болды

Қазақстандық теннисші Australian Open турнирін сәтті бастады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или