Астаналық команданың бапкерлер штабына екі маман келді

Астаналық команданың бапкерлер штабына екі маман келді

Астаналық «Жеңіс» клубының бапкерлер құрамына тағы екі маман қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

«Жеңіс» футбол клубы жаттықтырушылар штабына жаңа мамандар – Асқар Бертаев (жаттықтырушы-сарапшы) және Максим Зуевтің (дене даярлығы жаттықтырушысы) қосылғанын қуанышпен хабарлайды, - деп жазылған хабарламада. 

Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Асқар Уәлиханұлы – Семей қаласының тумасы, Қазақ-түрік лицейінің (КТЛ) түлегі. Техникалық ғылымдар магистрі дәрежесі бар. Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін жетік меңгерген. Бұған дейін «Елімай» футбол клубының құрамында жұмыс атқарған. Оның аналитикалық қабілеті мен ғылыми ізденісі командамыздың тактикалық дамуына жаңа серпін бермек.

Максим Викторұлы бапкерлік қызметпен 2010 жылдан бері айналысады. Ресейдің көптеген клубтарында еңбек етті. 2021-2023 жылдары Ресей жасөспірімдер құрамаларының дене даярлығы жөніндегі жаттықтырушысы болды. 2023 жылғы маусымнан бастап «Қызыл-Жарда» және Қазақстан Ұлттық құрамасында қызмет атқарды.

«Ақтөбе» кезекті топ-трансфер дайындап жатыр

«Ақтөбе» Федор Смоловқа қызығушылық танытып отыр

«Ақтөбе» чехиялық командамен жолдастық кездесу өткізді

Ислам Чесноков «Хартстағы» алғашқы матчын өткізді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или