Бокстан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды

Бокстан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды

Бүгін Орал қаласында алғаш рет 2012 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстан Республикасы чемпионатының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚБФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байрақты бәсекеге еліміздің барлық өңірлерінен жиналған 230-ге жуық жас боксшы өзара бақ сынап, 33 келі салмақтан 70 келі салмақ дәрежесіне дейін чемпиондық атақ пен жүлделі орындарды сарапқа салады.

Салтанатты ашылу рәсіміне БҚО спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов жәнe мемлекеттік жаттықтырушы Аслан Егеубаев қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты Өзбекстанның Ташкент қаласында өтетін Азия чемпионатына іріктеу кезеңі болып саналады.

Серік Сәпиев Терренс Кроуфордпен жүздесті

Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

«Бас бапкер де жеке шәкірт болмауы тиіс»: экс бас бапкер ережені жоққа шығарды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или