«Қайрат» – «Брюгге» матчында төрелік ететін мамандар анықталды
УЕФА Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің жетінші турындағы «Қайрат» – «Брюгге» матчында Донатас Румшас бастаған румыниялық төрешілер тобы қызмет етеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
- Бас төреші: Донатас Румшас;
- Көмекшілері: Александр Радиус, Довидас Сужеделис;
- Төртінші төреші: Робертас Валиконис;
- VAR төрешісі: Томаш Квиатковски, Павел Пскит (екеуі де – Польша)
Донатас Румшас 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан – Украина матчында (2:2) және 2026 жылғы ӘЧ іріктеу кезеңіндегі Қазақстан – Уэльс (0:1), Қазақстан – Бельгия (1:1) ойынында қазылық етті.
«Астана Аренада» өтетін матч 20 қаңтарға жоспарланған. Қазақстан уақыты бойынша сағат 20:30-да басталады.
«Қайратқа» қарсы ойында «Брюггені» қанша жанкүйер қолдайтыны белгілі болды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или