Бүгін Жәнібек Әлімханұлының «B» сынамасына қатысты нақты шешім шығады
Бүгін WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг дауын арнайы комиссия қарайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбековтің айтуынша, бүгін АҚШ-та өтетін отырыста қазақстандық жеңіліс көрмеген боксшының тағдырына нүкте қойылуы мүмкін. Комиссия допинг-пробаның «B» сынамасын ашқаннан кейінгі нәтижелерді талқылайды.
Федерация басшысы сондай-ақ VADA ұйымынан келген ресми хатты жариялады. Құжатта Жәнібек Әлімханұлының «B» сынамасы WADA ережелеріне толық сәйкес зерттелгені көрсетілген.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен WBA чемпионы Эрисланди Лара арасындағы жекпе-жек 7 желтоқсанда (Қазақстан уақытымен) АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында өтуі тиіс болған. Алайда кездесу кейінге қалдырылды.
Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы ашылды