Серік Сәпиев қысқы Олимпиадаға бөлінген қаржы туралы пікір білдірді

Серік Сәпиев қысқы Олимпиадаға бөлінген қаржы туралы пікір білдірді

Бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы, Қарағанды Спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев қысқы Олимпиадаға қатысты өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қысқы Олимпиада ойындарының басталуына бір айдан аз уақыт қалды. Осыған байланысты қоғамда мемлекет қысқы спорт түрлеріне қанша қаражат бөлді және бұл қаржының қаншалықты тиімді жұмыс істеп жатқаны туралы сұрақ туындады. Мен бұл жөнінде спортшы ретінде де, бүгінде саланың дамуына жауап беріп отырған адам ретінде де өз көзқарасыммен бөліскім келеді.

Олимпиадалық цикл аясында қысқы спорт түрлерін дайындауға 13,3 млрд теңге бөлінді. Бұл сомаға барлығы кірді: спорттық киім-кешек, құрал-жабдықтар, оқу-жаттығу жиындары, жарыстарға қатысу, жаттықтырушылар штабының жұмысы, медициналық қамтамасыз ету. Бұл көрермен көбіне байқамайтын, бірақ Олимпиадаға қатысу үшін аса қажет күрделі әрі ауқымды жұмыс.

Сандар тұрғысынан алғанда бұл сома қомақты болып көрінуі мүмкін. Алайда кәсіби көзқараспен қарасақ, толық бір олимпиадалық циклге, 13 қысқы дисциплинаға және олимпиадалық дайындыққа қойылатын халықаралық талаптарға сай бұл көлемді артық деп айтуға болмайды. Керісінше, дәл осы қаражат жүйе қалыптастыруға және спортшыларымызды толыққанды дайындықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Мұның нәтиже үшін қаншалықты маңызды екенін мен өте жақсы түсінемін.

Бүгінде Қазақстанда қысқы спорт түрлері жазғы спорттармен тең дәрежеде жүйелі қолдауға ие. Мемлекет пен спорттық институттардың жұмысы дәл осындай қарқында жалғасуы тиіс. Себебі табыс медальдан басталмайды. Oл сапалы дайындықтан, білікті мамандардан, медицинадан, резервтен және тұрақты қаржыландырудан басталады.

Спортшыларымызға Олимпиада ойындарында сәттілік тілеймін. Олимпиадаға іріктелудің өзі үлкен жетістік әрі елімізді бүкіл әлемге танытудың зор мүмкіндігі!», - деді Серік Сәпиев.

Қысқы Олимпиада: Қазақстан қоржынында 27 лицензия бар

Қазақстандық биатлоншы Әлем кубогы кезеңінде рейтингтік ұпай жинады

Қазақстандықтар жарыстарды Qazaqstan және Qazsport арналарынан көре алады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или