Қазақстандық теннисші Australian Open-2026 турниріндегі жорығын аяқтады

Қазақстандық теннисші Australian Open-2026 турниріндегі жорығын аяқтады

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Australian Open-2026 турнирін алғашқы айналымда аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемдік рейтингте 290-орында тұрған қазақстандық спортшы бірінші кезеңде Испания өкілі, бұрынғы әлемнің екінші ракеткасы Паула Бадосадан 6:2, 6:4 есебімен жеңілді. Кездесу 1 сағат 21 минутқа созылды.

Осылайша, Бадоса турнирдің екінші айналымына жолдама алды, ал Зарина Дияс Мельбурндегі жарысты ерте аяқтады. Australian Open-2026 бәсекесі 18 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өтеді.

Айта кетейік, Зарина 2025 жылдың қарашасынан бері бірінші рет кортқа шықты.

Қазақстандық теннисшілердің WTA рейтингіндегі орындары белгілі болды

Қазақстандық теннисші Australian Open турнирін сәтті бастады

Australian Open: Путинцеваның келесі қарсыласы анықталды

Australian Open-2026: Қазақстандық теннисші камбэк жасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или