Данияр Қайсанов еркін күрестен ұлттық құраманың бапкері атануы мүмкін
Еркін күрестен Токио Олимпиадасының қатысушысы Данияр Қайсанов алдағы уақытта ұлттық құрамаға бас бапкер болып тағайындалуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Танымал балуан әзірге спорттық мансабын аяқтағаны туралы мәлімдеме жасаған жоқ. Sportbugin.kz сайтының жазуынша, 2025 жылдың аяғына қарай еркін күрестен ұлттық құраманың бас бапкері Мадияр Құрамысов қызметінен алынған соң аталған міндет Қайсановқа жүктелуі мүмкін.
Бас бапкерлікке еліміздің жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Аслан Байғұловтың да кандидатурасы қарастырылған. Алайда еркін күрестен екі дүркін Азия чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері Данияр Қайсанов ұлттық құраманың тізгінін қолға алады деген ақпаратты сенімді дереккөздері растап отырғанға ұқсайды.
Данияр Қайсанов 2020 жылғы Токио Олимпиадасында еркін күрестен 74 келіде қола жүлде үшін күресте өзбекстандық балуаннан жеңіліп, бесінші орынға тұрақтады. Бұдан бөлек, Қайсанов 2025 жылдың желтоқсан айында өткен Қазақстан біріншілігіне қатысқан.
Еркін күрестің аңызы Америкада өнер көрсетеді
Қазақстандық классиктер Түркиядағы турнирде төрт медаль еншіледі