Қысқы Олимпиада: Қазақстан қоржынында 27 лицензия бар

Қысқы Олимпиада: Қазақстан қоржынында 27 лицензия бар

Халықаралық биатлоншылар одағы Италияда өтетін 2026 жылғы Олимпиада ойындарына бөлінген жолдамалардың ресми тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасы іріктеу қорытындысы бойынша төрт лицензияға ие болды. Олимпиадада ел намысын екі ер және екі әйел спортшы қорғайды.

Квоталар атаулы емес. Спортшылар тізімін бапкерлер штабы анықтайды.

Осылайша қазақстандық спортшылардың еншісінде 27 лицензия бар. Соңғы тізім 23 қаңтар күні белгілі болады.

  • Биатлон (4 лицензия) – 2 ер, 2 әйел;
  • Конькимен жүгіру спорты (12 лицензия) — Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова, Арина Ильященко.
  • Шорт-трек (9 лицензия) — Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан.
  • Мәнерлеп сырғанау (2 лицензия) — Михаил Шайдоров, Софья Самоделкина.


XXV қысқы олимпия ойындары 6–22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Оған әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады.

Қазақстандық биатлоншы Әлем кубогы кезеңінде рейтингтік ұпай жинады

Қазақстандықтар жарыстарды Qazaqstan және Qazsport арналарынан көре алады

Қазақстандық биатлоншылар Германияда өткен Әлем кубогы кезеңіндегі эстафетаға қатысты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или