Қазақстандық спортшылар WTT Contender Muscat турниріне қатысады
19-24 қаңтар аралығында Оманда үстел теннисінен WTT Contender Muscat турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан атынан Кирилл Герасименко, Ескендір Харки, Сарвиноз Миркадирова өнер көрсетеді.
Кездесуге қатысатын спортшылардың қатарында: Лин Шидун (Қытай, әлемдік рейтингте №2), Лян Цзинкунь (Қытай, №7), Бенедикт Дуда (Германия, №13), Дарко Йоргич (Словения, №15), Патрик Франциска (Германия, №20), Антон Келлберг (Швеция, №27), Омар Ассар (Мысыр, №28), Ши Сюньяо (Қытай, №13), Чэн И-Цзин (Қытай Тайбэйі, №21), Цинь Юйсюань (Қытай, №33), Линда Бергстром (Швеция, №43), Маника Батра (Үндістан, №50) бар.
Қазақстандық теннисшілердің WTA рейтингіндегі орындары белгілі болды
Қазақстандық теннисші Australian Open турнирін сәтті бастады