«Арсенал» талантты вингерді өз сапына қосуы мүмкін

«Арсенал» талантты вингерді өз сапына қосуы мүмкін

Лондондық «Арсенал» трансферлік нарықтағы белсенділігін жалғастыруда, деп хабарлайды Prosports.kz сайты sports24.kz-ке сілтеме жасап.

«Канонирлер» жаңа орталық қорғаушы мен шабуыл шебіне вингер алуды мақсат етіп отыр.

CaughtOffside деректеріне сүйенсек, «канонирлердің» басты нысаналарының бірі – «Ньюкасл» вингері Энтони Гордон. Англиялық футболшыға клуб әлі «Эвертонда» жүрген кезінен бастап назар аударған, ал «сорокалар» сапындағы әсерлі өрлеуі олардың қызығушылығын одан сайын арттырды.

«Арсенал» Гордонын Габриэл Мартинеллидің орнына әлеуетті күшейту деп санайды. Мартинелли мүмкіндіктерін тиімдірек іске асыра бастағанымен, шабуылды аяқтауда тұрақсыздық танытып жүр.

«Ньюкасл» негізгі ойыншыларын сатқысы келмегенімен, қаржылық шектеулерге байланысты мәмілеге келуге мәжбүр болуы мүмкін. Бұған дейін Гордонның трансферлік құны шамамен 80 миллион фунт стерлинг болады деген ақпарат тараған.


Африка кубогының жеңімпазы белгілі болды

Ұятты жеңіліс: өзбекстандық футболшылар Еуропада масқара болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или