WTA рейтинг жаңартты

WTA рейтинг жаңартты

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) әйелдер арасындағы жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үздік ондықта ешқандай өзгеріс болған жоқ: беларусьтік Арина Соболенко көш бастап тұр, екінші орында Ига Швентек, үшінші орында америкалық Кори Гауфф тұр.

Қазақстандық Елена Рыбакина бесінші орынды сақтап қалды. 

Юлия Путинцева 11 орынға көтеріліп, алғашқы жүздікке қайта кіріп, рейтингте 94-ші орынға ие болды.

Жұптық сында чехиялық Катержина Синякова әлемнің бірінші ракеткасы болып қалды. Америкалық Тейлор Таунсенд екінші орында, ал италиялықтар Сара Эррани мен Жасмин Паолини үшінші орынды бөлісіп отыр.

Анна Данилина WTA әлемдік рейтингінде 14-ші орынды сақтап қалды.


Қазақстандық теннисші Australian Open турнирін сәтті бастады

Australian Open: Путинцеваның келесі қарсыласы анықталды

Australian Open-2026: Қазақстандық теннисші камбэк жасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или