Биатлоншы Владислав Киреев Германиядағы Әлем кубогы кезеңінде рейтингтік ұпай жинады
Рупольдингте (Германия) биатлоннан Әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-ке сілтеме жасап.
Соңғы жарыс күнінде із кесу сайысы өтті. Ерлер арасында бұл сайысқа Владислав Киреев қатысты.
Қазақстандық биатлоншы жарысты 43-орыннан бастады. Төрт ату кезеңінде де бірде-бір мүлт кеткен жоқ. Нәтижесінде Киреев 33-орында мәреге жетті.
Бұл көрсеткіш оған рейтингтік ұпай жинауға мүмкіндік берді. Қазіргі таңда Владислав Киреевтің еншісінде 43 ұпай бар.
Норвегия өкілі Йоханнес Дале жеңіске жетті. Франциялық Эрик Перро екінші орынға тұрақтаса, швециялық Мартин Понсилуома үздік үштікті түйіндеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или