«Тараз» 33 жастағы қорғаушысымен келісімшарт ұзартты
Бірінші лига клубы ҚПЛ-ға көтерілу үшін 33 жастағы тәжірбиелі футболшысын өз сапында қалдырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
- Жамбыл футболының тағы бір талантты ойыншыларының бірі, мінезді қорғаушы Мақсат Әмірханов командамен келісім шарты ұзартылды.
Ол 2009-2015 жылдары аралығында «Тараз» жастар командасында әбден шыңдалып, кейіннен ересектер қатарында лайықты өнер көрсетті. Жамбылдық команда жейдесінде 100-ден аса ресми матч өткізді.
Сондай-ақ, «Ертіс», «Жетісу», «Оқжетпес» сапында да болды. 2012 жылы Қазақстан жастар қүрамасында 4 кездесуге қатысты. 2013 жылы Қазақстан кубогының финалисі («Тараз»), 2018 жылы Бірінші лиганың күміс жүлдегері («Тараз») атанды.
Жаңа маусымда сәттілік тілейміз!!! - деп жазды клубтың баспасө қызметі.
«Ақтөбе» кезекті топ-трансфер дайындап жатыр
«Ақтөбе» Федор Смоловқа қызығушылық танытып отыр