Қазақстандық теннисші Australian Open турнирін сәтті бастады
Мельбурнда Australian Open турнирі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко (ATP рейтингінде 104-ші орын) бірінші айналымда швед Элиас Имермен (ATP рейтингінде 175-ші орын) кездесті.
Шевченко төрт сетте 3-6, 7-5, 6-4, 6-1 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстандық теннисшісінің келесі қарсыласы америкалық теннисшілер Ленер Тьен мен Маркос Жирон арасындағы кездесудің жеңімпазы болады.
Австралия ашық чемпионаты 18-31 қаңтар аралығында өтеді. Турнирдің жүлде қоры 74 900 000 АҚШ долларын құрайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или