«Ақтөбе» кезекті топ-трансфер дайындап жатыр
Миралем Пьянич Қазақстанға келуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Барселона» «Ювентус», «Рома» секілді атақты клубтардың бұрынғы ойыншысы «Ақтөбемен» келісімшартқа отырады. Ресейдің Championat.com сайты сенімді дереккөздеріне сүйеніп, осындай ақпарат таратып отыр.
Ойыншы мен қазақстандық клуб бір жылдық келісімшартқа қол қояды. Мәліметке сенсек, 35 жастағы футболшы Қазақстан Премьер-лигасы тарихындағы ең жоғары жалақының бірін алады.
Пьянич мансабында «Ювентус», «Барселона», «Лион», «Рома» және басқа да бірнеше клубтарда ойнаған. Оның соңғы клубы мәскеулік ЦСКА болды. Өткен жазда клубтан кетіп, еркін агент атанған еді.
«Армияшылар» сапында барлық жарыстарда 25 матч өткізіп, екі голдық пас берді.
Айта кетейік, осыған дейін «МЮ» аңызы Луиш Нани «Ақтөбе» сапына ауысады деген ақпарат тараған еді.
«Ақтөбе» Федор Смоловқа қызығушылық танытып отыр