«Барселонаның» матчы сенсациялық нәтижемен аяқталды
«Барселона» Испания Ла Лигасының 20-шы турында «Реал Сосьедадтан» жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч Сан-Себастьянда өтіп, 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Микель Оярсабал 32-минутта есеп ашты. Маркус Рэшфорд 70-минутта таразы басын теңестірді, бірақ қонақтар бірден матчтағы екінші голды жіберіп алды: Гонсалу Гедеш бір минуттан кейін «Барса» қақпасынан саңылау тапты.
Осылайша, «Барселонаның» 12 матчта созылған жеңісті сериясына нүкте қойылды.
«Реал Сосьедад» 24 ұпай жинап, Ла Лига турнир кестесінде сегізінші орынға көтерілді. «Барселона» 49 ұпаймен бірінші орында қалды, бірақ «Реал Мадридтен» бір ұпай ғана озып тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или