Африка кубогының жеңімпазы белгілі болды
Марокконың Рабат қаласындағы Принс Мулай Абдулла стадионында 2026 жылғы Африка Ұлттары Кубогының финалы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Командалар негізгі уақытта 0-0 есебімен тең түсті. Алайда, қосымша уақытта алаңда үлкен жанжал туындады: төреші Жан-Жак Н'дала Н'гамбо алдымен Сенегал соққан голды есепке алмады, бірнеше минуттан кейін олардың қақпасына пенальти белгіледі. Сенегал бапкері Папе Тиав төрешінің шешіміне ашуланып, ойыншыларына алаңнан алып кетті. Алайда, көп ұзамай ойыншылар матчты аяқтау үшін алаңға оралды. Марокколық Браим Диас пенальтиді сәтсіз орындады. Матч қосымша уақытқа созылып, Сенегал 1-0 есебімен жеңіске жетті. Папе Гейе 94-минутта жеңіс голын соқты.
Сенегал өз тарихында екінші рет Африка чемпионы атанды. Команда алғаш рет 2021 жылы бұл турнирде топ жарған еді.
Ұятты жеңіліс: өзбекстандық футболшылар Еуропада масқара болды