«Ақтөбе» Федор Смоловқа қызығушылық танытып отыр
Ресей құрамасының бұрынғы шабуылшысы Федор Смолов мансабын Қазақстан чемпионатында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты инсайдер Иван Карповқа-сілтеме жасап.
«Ақтөбе» 35 жастағы ресейлік шабуылшыға қызығушылық танытып отыр.
Смолов мансабында ресейлік «Динамо» (Мәскеу), «Анжи», «Урал», «Краснодар», «Локомотив», нидерландылық «Фейенорд» испаниялық «Сельта» командаларында ойнаған. Федордың кейінгі командасы Ресей медиа лигасының мүшесі «БроукБойз» болды. 2012 жылдан 2021 жылға дейін Смолов Ресей құрамасында ойнады.
«Ақтөбе» чехиялық командамен жолдастық кездесу өткізді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или