Заңғар Нұрланұлы Траралгондағы турнирде тарихи жетістікке жетті

Заңғар Нұрланұлы Траралгондағы турнирде тарихи жетістікке жетті

ITF жасөспірімдер рейтингінде 12-орында тұрған Заңғар Нұрланұлы Траралгон қаласында өтетін беделді ITF J300 турнирінің ширек финалына жолдама алып, тарихи нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үшінші айналымда қазақстандық теннисші ITF Juniors рейтингінде 21-орында тұрған америкалық Гэвин Гудты сенімді түрде ұтты. Кездесу екі сетке созылып, 7:6 (7:5), 6:1 есебімен аяқталды. Алғашқы партиядағы тай-брейк шешуші рөл атқарып, одан кейін Заңғар екінші сетте ойынды толық бақылауына алды.

Бұл нәтиже Қазақстан теннисі үшін айрықша мәнге ие. Заңғар Нұрланұлы — Траралгондағы J300 санатындағы турнирдің жекелей сынында ширек финалға шыққан алғашқы қазақстандық жасөспірім атанды.

Жартылай финалға шығу үшін Заңғар әлемдік жасөспірімдер турының алдыңғы қатарлы өкілдерінің бірі, рейтингте бесінші орында тұрған бразилиялық Луиш Гуту Мигелмен кездеседі. Матч 19 қаңтарға жоспарланған.

Australian Open: Путинцеваның келесі қарсыласы анықталды

Australian Open-2026: Қазақстандық теннисші камбэк жасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или