Ислам Чесноковтың «Хартс» сапындағы дебюті бағаланды

Ислам Чесноковтың «Хартс» сапындағы дебюті бағаланды

Беделді The Scottish Sun басылымының журналисі Роберт Мартин қазақстандық вингер Ислам Чесноковтың Хартс сапындағы алғашқы ойынына баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz. Ол ASnews.kz сайтына берген эксклюзивті пікірінде футболшының алаңға шыққаннан кейін белсенді болғанын атап өтті.

Журналистің айтуынша, Чесноков үшін бұл матч оңай болмаған. Команда есепте ұтылып жатқан, сондықтан ойынның жауапкершілігі де жоғары еді. Соған қарамастан, алаңға қосылғаннан кейін Ислам жақсы қарқын көрсетіп, пенальтиге себепкер болды. Дәл сол сәтте Лоуренс Шенкленд есепті теңестірді.

Сонымен бірге Мартин қазақстандық ойыншының бір сәттегі артық қимылын да атап өтті. Оның сөзінше, Чесноков қауіпті подкат жасап, сары қағаз алды және сол эпизодта өз командасындағы ойыншылардың бірін жарақаттап алды.

Журналист алдағы аптада өтетін Селтикке қарсы матчқа да болжам жасады. Оның ойынша, Ислам бұл ойында да қосалқы құрамда қалуы мүмкін, себебі физикалық дайындығын әлі де жетілдіруі қажет.

Айта кетейік, Ислам Чесноков «Хартс» сапындағы алғашқы ойынын Шотландия кубогының 1/16 финалында «Фалкиркке» қарсы өткізді. Ол 77 минутта алаңға шығып, 85 минутта пенальти әкелді. Алайда пенальти сериясында команда 4:5 есебімен жеңіліп, турнирден шығып қалды. 26 жастағы вингер шотландиялық клубқа «Тобылдан» 6 қаңтар күні еркін агент ретінде ауысып, келісімшартын 2028 жылдың жазына дейін жасады.

Португалия футболының аңызы ҚПЛ-ға келеді

«Ертіс» Руслан Хадаркевичке көз тігіп отыр


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или