Габидолла Оразалы «Эльчеге» қарсы матчта көзге түсті
Испания чемпионатының 16-туры аясында «Валенсия» сапында ойнайтын 13 жастағы шабуылшы Габидолла Оразалы «Эльчеге» қарсы матчта екі бірдей нәтижелі әрекет жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жас қазақстандық «жарқанаттардың» қатарластарын 3:0 есебімен сенімді жеңуіне үлкен үлес қосты. Қапталдан жасаған соққысы қорғаушыға тиіп, бағытын өзгертіп торға кірді. Сонымен қатар Оразалы бір нәтижелі пас берді.
Айта кетейік, бұл гол Габидолла Оразалы үшін биылғы маусымдағы 13-ші дәл соққы болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или