Бублик: ең бастысы – жауапкершілік пен дұрыс жоспар

Бублик: ең бастысы – жауапкершілік пен дұрыс жоспар

Теннисші Александр Бублик ATP рейтингінің үздік ондығына кіруі жайлы пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz. Ол бұл нәтиже өзінен-өзі келген дүние емес екенін айтып өтті.

Бубликтің сөзінше, топ-10-ға ену алдын ала белгілі болған мақсат емес. Бірнеше матч қатарынан ұтылып қалуың да әбден мүмкін, теннисте бәрі екі жаққа да тез ауысады дейді ол. Сонымен қатар Борис Беккердің өзі туралы жылы пікір айтқаны жағымды әсер қалдырғанын жасырмады.

Жалпы алғанда, өмірінде түбегейлі өзгеріс болмағанын атап өтті. Алайда шешуші ұпайларға бұрынғыдан да жауапкершілікпен қарай бастағанын айтты. Сондай-ақ турнирлер санын азайтып, үйде жиі болуға ұмтылу да көп көмегін тигізген.

Бұрын мың ұпай жинау үшін 10–12 турнир ойнау керек деп ойлағанын, кейін бәрі керісінше бола бастағанын жеткізді. Төрт турнирде-ақ сол ұпайды алуға болатынын түсінген. Бірақ ол үшін әр әрекетке барынша байыппен қарау қажет екенін ерекше атап өтті.

Australian Open: Путинцеваның келесі қарсыласы анықталды

Australian Open-2026: Қазақстандық теннисші камбэк жасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или