Нани «Ақтөбенің» ойыншысы атанбақ

Нани «Ақтөбенің» ойыншысы атанбақ

Португалия футболының аңызы, жартылай қорғаушы Нани «Ақтөбе» клубының ойыншысы атанады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Amanvibe.kz мәліметінше, 2016 жылғы Еуропа чемпионы ақтөбелік клубпен келісімшарттың барлық шартын келіскен және жақын күндері команданың оқу-жаттығу жиынына қосылады.

Футболшымен бір жылдық келісімшарт жасалады. Жалақысы өте жоғары, КПЛ тарихындағы ең қымбат келісімшарт болуы мүмкін деп көрсетілуде.

Көпшілік жанкүйер Наниді «Манчестер Юнайтед» сапындағы ойынымен жақсы таниды. Ағылшын клубының құрамында ол төрт рет АПЛ чемпионы атанды, екі мәрте Лига кубогын, Чемпиондар лигасын, төрт рет Англия Суперкубогын және клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды.

Сондай-ақ футболшы «Спортинг», «Фенербахче», «Валенсия», «Лацио», «Орландо Сити», «Венеция», «Мельбурн Виктори», «Адана Демирспор» және «Эштрела» клубтарында өнер көрсетті.

Алдын ала ақпарат бойынша, Нани 22 қаңтар күні Алматыға ұшып келеді. Кейін сол жерден Ақтөбеге барып, футболшыны таныстыру рәсімі өтеді.

«Ертіс» Руслан Хадаркевичке көз тігіп отыр

«Қайрат» тәжірибесі мол қорғаушымен келісімшартқа отырды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или