Қазақстан құрамасы стенд атудан Дохадағы Азия чемпионатында қола медаль иеленді

Қазақстан құрамасы стенд атудан Дохадағы Азия чемпионатында қола медаль иеленді

Қатар астанасы Дохада стенд атудан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Осы жарыста отандастарымыз үздік үштікті түйіндеп, қола жүлдені қанағат тұтты. Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Ситтен аралас жұптық сында бақ сынаған отандастарымыз Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко үздік үштікті түйіндеді. Бұл бағдарламада Қатар құрамасы жеңімпаз болса, күміс Корея өкілдеріне бұйырды.

Айта кетейік, қаңтардың 22-не дейін жалғасатын сары құрлық додасына 17 елден 196 атлет қатысып жатыр. Бұдан алдын спортшыларымыз 4 жүлде жеңіп алған болатын. Атап айтақ, скиттен әйелдер арасында Адель Садақбаева алтын, ал Ольга Хайлова қола медаль алды. Сондай-ақ командалық бәсекеде аруларымыз топ жарса, ерлер құрамасы қола жүлдені қоржынға салды.


Қазақстан футзалының бас бапкері Какау қайта оралды – футзал жаңа дәуірге қадам баса ма?

Стенд ату: Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында бес медальға ие болды

Америкалық атбегі университеттің қаражатын жеке қажеттілігіне пайдаланғаны үшін сотқа тартылды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или