Жазда Гвардиола «Манчестер Ситиден» кетуі мүмкін

Жазда Гвардиола «Манчестер Ситиден» кетуі мүмкін

«Манчестер Сити» мен Хосеп Гвардиола серіктестіктің жалғасатынын анықтау үшін маңызды кездесу өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Гвардиоланың болашағы алдағы айлардағы нәтижелеріне байланысты болады, ал егер 2025/2026 маусымы клуб басшылығының үмітін ақтамаса, оның кетуі мүмкін.

Айта кетейік, «Сити» италиялық бапкер Энцо Маресканың өкілдерімен байланысқа шыққан. Пепе жазда клубтан кетсе, осы маманға ұсыныс жасалады.

Мареска «Манчестер Ситидің» жұмысына қатты қызығушылық танытып, бас бапкер қызметін атқаруға дайын.

Гвардиоланың «Манчестер Ситимен» келісімшарты 2027 жылдың жазында аяқталады. Премьер-лигадағы 22 ойыннан кейін «Сити» 43 ұпай жинап, екінші орында тұр.




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или