«Қайрат» бразилиялық футболшыны қатарына қосты
«Қайрат» футбол клубы бразилиялық орталық қорғаушы Лукас Африкакомен келісімшартқа отырғанын ресми түрде жариялады. Prosports.kz сайтының хабарлауынша, келісімшарт 2026 жылдың соңына дейін жарамды.
Лукас Энрике да Силва Бразилияның Сан-Паулу қаласында дүниеге келген және кәсіби мансабын 2015 жылы «Фламенго» (Гуаральюс) клубында бастаған. Кейінгі жылдары ол бразилиялық «Сантос» және «Лондрина» клубтарында ойнады.
2018 жылы Лукас Еуропаға көшіп, португалиялық «Маритимо» және «Эшторил» клубтарының намысын қорғады. 2023 жылы Әзірбайжанның «Габала» клубында ойнап, кейін Португалияға оралып, «Фаренсе» клубымен келісімшартқа отырды. Португалияның жоғарғы дивизионында 75 матч өткізіп, үш гол соқты.
Лукастың соңғы клубы Түркияның Бірінші лигасындағы «Ван Спор» болды. Клуб жейдесінде 11 ойын өткізген.
Ислам Чесноков «Хартстағы» алғашқы матчын өткізді