Қазақстандық теннисші Australian Open-2026 турнирін сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Australian Open-2026 турнирін сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 105-ші орында) 2026 жылғы Австралия ашық чемпионатындағы алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші кезеңде Путинцева бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен (59-шы орында) кездесіп, қарсыласын үш сетте – 3-6, 7-5, 6-3 есебімен жеңді. Соңғы үшінші, шешуші сетте қазақстандық теннисші 1:3 есебімен ұтылып жатқан еді. Матч 2 сағат 55 минутқа созылды.

Осылайша, Юлия екінші кезеңге өтті.

Жылдың алғашқы Үлкен Дулыға турниріне дейін Юлия Путинцева Австралияның Брисбен және Аделаида қалаларындағы турнирлерге қатысты. Брисбенде қазақстандық теннисші екінші кезеңде, ал Аделаидада 1/8 финалда жарыс жолынан шықты.


«Алькарас жеңетін шығар» - Бублик Australian Open-2026 титулынан бас тартты

Қазақстандық теннисші Аустралиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Рыбакина емес: Қазақстан атынан тағы бір теннисші жартылай финалда

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или