Ислам Чесноков «Хартстағы» алғашқы матчын өткізді
«Хартс» Шотландия Кубогының 1/32 кезеңінде «Фолкерк» клубынан ұтылып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Командалар негізгі уақыттан кейін 1-1 есебімен тең түсті. Бен Паркинсон 59-минутта «Фолкеркке» алға шықты, ал Лоуренс Шенкленд 85-минутта пенальтиден гол соқты. Айта кету керек, пенальтиді «Хартстың» қазақстандық шабуылшысы Ислам Чесноков еншіледі. 26 жастағы футболшы 77-минутта алаңға шыққан болатын. Командалар қосымша уақытта гол соға алмады, ал «Фолкерк» пенальти сериясында 5-4 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, «Фолкерк» Шотландия Кубогының 1/16 кезеңіне өтті.
Беларусь құрамасына үміткер ойыншы ҚПЛ клубына ауысады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или