«Өзбек Марадонасының» Тәжікстанға келу себебі белгілі болды
Тәжік футболында өз «Марадонасы» пайда болды. Өзбекстандық жартылай қорғаушы Марадона Сафаров 2026 жылдың қаңтарында Қырғызстаннан Тәжікстанға ауысып, «Истаравшан» футбол клубымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлім етті.
Сафаров соңғы үш маусымды Қырғызстанның «ОшМУ» клубында өткізді. Осы аралықта ол команданың негізгі ойыншыларының біріне айналып, белгілі бір кезеңде капитандық міндетті де атқарды. Өткен маусымда жартылай қорғаушы клубтың ең үздік ассистенті атанды.
Айта кетелік, енді «өзбек Марадонасы» «Истаравшанда» бір жыл өнер көрсетеді. Клубта ойыншының аты-жөнінен гөрі, ойын сапасы мен тәжірибесіне басымдық берілетіні айтылды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или