«Алькарас жеңетін шығар» - Бублик Australian Open-2026 титулынан бас тартты

«Алькарас жеңетін шығар» - Бублик Australian Open-2026 титулынан бас тартты

Қазақстандық теннисші, әлемнің ондықтағы ракеткасы Александр Бублик, жақында өтетін Australian Open-2026 турнирі туралы ойын бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бәсекелестік 18 қаңтарда басталады. Қатарда Қазақстандық Александр Бублик ел намысын қорғайды. Спортшының сөзіне сүйенсек, ол турнирде жақсы әсер алатынына сенім артып отыр. 

«Жақсы нәтиже күтемін. Ең бастысы жақсы әсер алып ойнап, қандай да бір нәтиже көрсету қажет» деді ол.

Бублик сөзсіз Алькарастың жеңіске жетерін де тілге тиек етті. 

«Австралияда «календарлық шлем» жинай алатын кім? Алькарас? Мейлі, Алькарас болсын» деді Бублик First&Red телеграм-каналындағы видео сұхбатында.  

Айта кетелік, Бублик турнирдің бірінші айналымында әлемдік рейтингте 48-орында тұрған америкалық Дженсон Бруксбимен кездеседі. 




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или