«Барыс» пен «ЦСКА» : КХЛ матчының тікелей трансляциясы

«Барыс» пен «ЦСКА» : КХЛ матчының тікелей трансляциясы

Сенбі, 17 қаңтар күні Астанада Континенталдық хоккей лигасының (КХЛ) тұрақты чемпионаты аясында «Барыс» пен Мәскеудің «ЦСКА» клубы кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz. 

📺 Тікелей эфир «Qazsport» телеарнасынан көрсетіледі : Тікелей эфир 

Матч 17:00-де (Қазақстан уақытымен) басталады.

«ЦСКА» 47 ойыннан кейін 54 ұпаймен турнир кестесінде алда келеді. «Барыс» дәл осы ойын санынан кейін 37 ұпайға ие.

Астаналық клуб соңғы турда өз алаңында «Нефтехимиктен» 0:1 есебімен ұтылып, КХЛ-дегі қатарынан бесінші  жеңілісін тіркеді. Ал «Барыс» соңғы 10 матчтың 9-ында жеңілген.

Айта кетелік, «ЦСКА» соңғы кездесуінде сырт алаңда омбылық «Авангардқа» 1:2 есебімен жол берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или