Какау: Қазақстан құрамасы бұрынғы деңгейіне оралатынына сенемін
Какау футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне оралғаннан кейінгі алғашқы сұхбатын берді. Бразилиялық бапкер команданы бұрынғы деңгейіне қайтарғысы келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.
Бразилиялық бапкер Қазақстанды екінші үйі деп санайтынын атап өтті.
— Салам алейкум, біздің қазақстандық жанкүйерлер! Қазақстанға келгеніме өте қуаныштымын. Қазақстанды өзімнің екінші үйім деп үнемі айтып жүремін. Сегіз жылдан кейін қайта оралдым. Қазақстан құрамасын өз деңгейіне - Еуропа чемпионаты мен әлем чемпионатында үздік төрттікке енген деңгейіне қайтарғым келеді. Өте қуаныштымын. Әрине, атқаратын жұмысым көп. Дуглас, Игита және Леоны бәрі біледі - олар ұзақ уақыттан ойнап келеді, бірақ қазір Қазақстан чемпионатында көптеген жақсы жергілікті ойыншы бар. Бұл жақсы перспектива. Қазақстан құрамасының бұрынғы деңгейіне оралатынына сенімдімін, - деді Какау.
Какау бұған дейін 2013 жылдан 2018 жылға дейін Қазақстан құрамасын жаттықтырған. Оның басшылығымен ұлттық құрама тарихтағы ең жақсы нәтижелеріне қол жеткізді, 2016 жылғы Еуропа чемпионатында қола медаль жеңіп алды.
Ұлттық құрамамен қатар Какау Алматының «Қайрат» командасын жаттықтырған, клубты бастап екі рет – 2013 және 2015 жылдары УЕФА кубогын жеңіп алды.
Сүлейменов Какаудың көмекшісі болып тағайындалды
Какау Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды
«Семей» командасының экс-бапкері бразилиялық клубты жаттықтырады