Диас Отеген ONE FC лигасында сәтті дебют жасады

Диас Отеген ONE FC лигасында сәтті дебют жасады

Қазақстандық MMA файтері Диас Отеген ONE FC турнирінде ресейлік Ахмед Рабадановты жеңіп, лигада сәтті дебют жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

80 келі салақ дәрежесіндегі жекпе-жек Таиландтың Бангкок қаласында өтті.

Диас Отегеннің бұған дейінгі жекпе-жегі былтыр маусым айында Түркістандағы Alash Pride 109 турнирінде өткен. Сол кезде жерлесіміз өзбекстан спортшы Абдулло Шомуродовты (0-1) төрешілер шешімімен жеңген болатын.

Ал Ахмед Рабаданов кейінгі рет 2023 жылы желтоқсанда бақ сынаған, онда ол жерлесі Максим Самсоновты (0-1) бірінші раундта нокаутқа жіберді. 

Ислам Махачев кіммен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты

UFC 324 турниріндегі басты жекпе-жектердің бірі өтпейтін болды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или