Мирас Көбеев «Шахтердің» жаттығу жиынына қатыспағанын айтты

Мирас Көбеев «Шахтердің» жаттығу жиынына қатыспағанын айтты

Кейінгі екі маусымда Беларусьтің «Ислоч» клубында доп теуіп жүрген  қазақстандық футболшы Мирас Көбеев жарақатынан әлі толық айықпағанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты  Legalbet.kz-ке сілтеме жасап.  

«Желтоқсанда Шымкентте өткен «Шахтердің» жаттығу жиынына қатысқан жоқпын. Бұл ақпарат қайдан шыққанын білмеймін. Денсаулығым біртіндеп жақсарып келеді. Бірақ жаттығуға әлі ерте, әлі бір ай немесе бір жарым ай бойы алаңға орала алмаймын. Мен әлі «Ислоч» ойыншысымын – клубпен келісімшартым бар. Ол қаңтар айының аяғында аяқталады. Одан кейін не болатынын әлі білмеймін. Алдағы күндері бәрі белгілі болады деп ойлаймын», - деді футболшы.

Бұған дейін қазақстандық БАҚ бұл футболшы 2025 жылы желтоқсанында қарағадылық «Шахтерде» қаралымнан өткенін хабарлаған болатын.

«Астана» мен «Қайраттың» түлегі 21 жастағы орталық жартылай қорғаушы Мирас Көбеев 2024 жылғы маусымның басынан бері «Ислоч» командасында ойнап жүр. 2025 жылғы Беларусь Премьер-лигасында тоғыз ойынға қатысып, бір гол соқты. Мамыр айының аяғында «Арсеналға» қарсы ойында ауыр жарақат алды. 

Ол Қазақстан  жастар құрамасында (U21) өнер көрсеткен. 

Transfermarkt порталы футболшының трансферлік құнын 100 000 еуроға бағалайды.

Беларусь құрамасына үміткер ойыншы ҚПЛ клубына ауысады

Қазақстандық жас футболшы тарихи келісімшартқа қол қойды

Қазақстан құрамасының футболшысы «Тобылға» ауысады

«Жеңіс» Түркияға аттанатын құрамын жариялады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или