Ислам Махачев кіммен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты

Ислам Махачев кіммен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты

Жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Ислам Махачев болашақта жекпе-жек өткізгісі келетін солтүстікамерикалық екі файтердің атын атады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Чемпионат-қа сілтеме жасап.

«Камару Усман мен Майкл Моралес», — деді Ислам Махачев «Матч ТВ» арнасына берген сұхбатында.

Майкл 26 жаста. Моралестің кәсіпқой рекордында 19 жеңіс бар, оның 15-і нокаут, әлі жеңіліп көрген жоқ.

Камару 38 жаста. Нигериялық файтер мансабында 21 мәрте жеңіске жеткен, оның 10-ы нокаутпен, сондай-ақ төрт кездесуде жеңіліске ұшыраған. Усман жартылай орта салмақта лига чемпионы атанған. 

Джастин Гэтжи UFC тарихындағы үздік төрт файтерді атады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или