Вильям Баэтен ҚПЛ клубына ауысуы мүмкін

Вильям Баэтен ҚПЛ клубына ауысуы мүмкін

Бельгиялық футболшы Вильям Баэтен Қазақстан Премьер-лигасында бақ сынайтын клубпен келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Legalbet.kz-ге сілтеме жасап.

Бельгиялық ойыншы мансабына ҚПЛ-да жалғастыруы мүмкін, бірақ оған Румыния мен Болгариядан да ұсыныс түскен. 

Өткен жазда Баэтен румыниялық ФКСБ клубынан албаниялық «Фламуртариға» ауысты, бірақ көп уақыт қосалқы құрамда отырды. Бір жыл бұрын ФКСБ бельгиялықты  «Университати» (Крайова) клубынан 300 000 еуроға сатып алған.

28 жастағы шабуылдаушы жартылай қорғаушы Вильям Баэтен бельгиялық «Генк» және «Сент-Трюйден» клубтарының түлегі. 

2025/2026 жылғы Албания чемпионатының жоғарғы дивизионында ол 10 матчқа қатысты, бірақ алаңда небәрі 344 минут өткізген. Ал Албания кубогы аясындағы екі матчта екі гол соқты.

Transfermarkt порталы оның трансферлік құнын 350 000 еуроға бағалап отыр.

Беларусь құрамасына үміткер ойыншы ҚПЛ клубына ауысады

Қазақстандық жас футболшы тарихи келісімшартқа қол қойды

Қазақстан құрамасының футболшысы «Тобылға» ауысады

«Жеңіс» Түркияға аттанатын құрамын жариялады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или